Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында елордалық спортшылар алғашқы қарсыласын жеңді.
Керлингтен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында тұңғыш рет өнер көрсеткен жерлестеріміз топтық кезеңде ірі жеңіске қол жеткізді.
Аралас жұптық бәсекеде бақ сынаған астаналық әпкелі-інілі Мерей мен Ибрагим Тастемірлер италиялық спортшыларды айқын басымдықпен жеңген. Есеп: 10:2.