Русский Сайттың толық нұсқасы

166 жолаушысы бар Boeing әуеде бағытын өзгертуге мәжбүр болды

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2024
  • 760

Америкалық United Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы алдыңғы терезесінің жарықшақ пайда болуына байланысты дереу бағытын өзгертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап.

Лас-Вегастан Вашингтонға ұшқан бортта тосын жағдай тіркелді. Ақауға байланысты лайнер Денверге қонуға мәжбүр болды. Ұшақта 166 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған.

United Airlines өкілі журналистерге берген сұхбатында, ұшақтың техникалық қызмет көрсету мәселелеріне байланысты бағытын өзгертті деп айтқан. Әуекомпаниядағылар ұшақтың жерге сәтті қонғанын және жолаушылардың басқа бортқа отырғызылғанын мәлімдеді.