Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті ұсталды. Оны полиция қызметкерлері облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан ауылдардың бірінен тапқан. З6 жастағы Нұрболат Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Әбіл ӘБІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ауылдардың бірінен, "жедел жәрдем " жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдіктіні ұстадық. Қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда болады.