Апат
болған Шахан кентінде жертөледе орналасқан 14 қазандық бар. Елді мекендегі
20-дан астам көпқабатты үй сол қазандықтардан жылу алады. Тұрғындар оларды өз
қаражаттарына тұрғызған. Тек жылдар бойы құзыретті мекемелердің бір де бір рет
тексеріп келмегенін айтады. Бүгін арнайы құрылған комиссия, үйдің аман қалған 3
подъезі адам өміріне қауіпті емес, сондықтан тұруға жарамды, деген шешім
шығарды. Ал тұрғындар, баспанада жылу болмағандықтан, туыстарын жағалап
жүр.
Тұрғындар елді дүрліктірген мына қазандықтың осыдан екі
жыл бұрын салынғанын айтады. Оны өздері ақша жинап орнатыпты. Содан бері не
әкімдік, не төтенше жағдай мамандары бұл қазандықты тексермеген.
Лидия
Примак, Шахан кентінің тұрғыны:
Өзіміз
қойдық, өзіміз тексеріп, жақтық. Әкімдік жылу маусымына дайын деп қағазға түрте
салды, осымен іс бітті.
Сержан
Аймақов, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі:
Ол
енді өздерінің жекеменшік қазандығы ғой. Жекеменшік болғаннан кейін енді
өздеріне байланысты. Барлық техникалық безопасность дейді, барлығын өздері
қарап отырады. Негізгі барлық жауапкершілікті сол үй комитеттері өздеріне алып отыр.
Шахан
кентінде 90 жылдардан бері орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ. Тұрғындардың
айтуынша, кенттегі 20-дан астам көпқабатты үйдегі пәтер иелері өзара ақша
жинап, әрбір үйге қазандық орнатып алған.
Айжан
Қуаш, тілші:
Бұл
жолы болған апат 9 адамның өмірін жалмап кетті. Оның үшеуі бала. Шахан
тұрғындарының айтуынша, бұндай апат бұрын да болған. Соған қарамастан, бүгінде бұл кентте жертөледе 14 қазандық әлі
күнге дейін жұмыс істеп тұр.
Бұл
проблема 2005 жылдан бері тұрғындардың бас ауруына айналған. Шенеуніктер
кентте орталықтандырылған жылу жүйесін
салуға 2 млрд 800 млн теңге қажет деп
отыр.
Сержан
Аймақов, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі:
2005-2006
жылдары қайтадан үлкен қазандық салу мәселесі көтеріле бастады. Ол құжаттарымыз
бүгінде дайын. Котельный салуға жоспарларымыз бар. Бірақ ол биыл бастала ма,
келесі жылы бастала ма - негізі түптің түбінде қазандық болады.
Мы
хотим, чтобы была котельная. Не для этого наши отцы погибли на фронте. Видите,
сколько людей погибло.
Бүгін
төтенше жағдай кезінде қаза тапқан 9 адамның алтауы жер қойнына тапсырылды.
Жарақат алған 2 тұрғынның жағдайын дәрігерлер қалыпты деп отыр. 1-ші қаңтар
күні кешке болған оқыс оқиға жұрттың үрейін ұшырды. Жертөледен шыққан жарылыс
тұрғын үйдің бір подъезін жоқ қылды. Тұрғындар апат болардан бұрын жарықтың
өшіп қалғанын айтады. Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға келгендер жаңа
қазандықтың салынуын талап етті. Олар 12 жылдан бері талқыланып келген сұрақ
сол күйі шешілмей қала ма деп алаңдаулы.
Мария
Бондарец, Шахан кентінің тұрғыны:
Қазандық
осымен екінші рет атылды. Бұдан бұрын 7-інші үйде жарылған. Біз Шахан кентіне
орталық жылу жүйесін салуды сұрағанмен, ешкім тыңдамайды. Мынадай заманда әлі
күнге дейін пеш жағып отырмыз.
Қайғылы
оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы құрылған жедел штаб тексеру жұмыстарын
бастады. Сол күні жертөледе пеш жаққан адам оқиға орнынан табылмады. Қазір оған
іздеу жарияланған. Апатқа байланысты ҚК-тің 292-нші, яғни «Өрт қауіпсіздігі
ережелерін бұзу» бабымен іс қозғалды. Биліктегілер жарылған қазандықты
демеушілерден жиналған қаржы есебінен жылдам қалпына келтіреміз деп уәде берді.
Барлық жылу қазандықтары тексерілетінін мәлімдеді. Ал олардың саны Қарағанды
облысында жүзден асады. Бүгінде шағын елді мекендер мен кенттердегі барлық
көпқабатты үйлер жеке жылу көздерімен жылынып отыр. Тіпті пәтерінде пеш жағатындары да жетерлік.
Қазандықтың
жарылуы салдарынан үйсіз қалғандарға жуық арада 10 пәтер сатылып алынатын
болды. Бұл туралы «Астана» телеарнасына облыс әкімінің орынбасары Андрей
Ляпунов телефон арқылы хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, баспананың жартысы
аймақ бюджетіндегі қаражатқа, ал қалғаны қайырымды жандардан жиналған ақшаға
алынбақшы.
Айжан
ҚУАШ