Жасөспірім баласын ұзақ уақыт сабаққа жібермеген ана жазаланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта құқық бұзушының ұлы - 3 сынып оқушысы дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған.