Орал қаласында балабақшада шкаф құлап, 4 бала мен тәрбиеші жарақат алды. Оқиға түске дейін "Sabi" жеке балабақшасында болған.
Бүлдіршіндердің киімі мен керек-жарағы салынған биіктігі екі метрдей шкаф оқыстан құлаған. Тәрбиеші қалқалап үлгергенімен, 4 бала астында қалды.
Бәрі де жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бес жастағы қыз балалардың кеуде тұсы мен білек-қолы жеңіл жарақаттанған, деп жазады qazaqstan.tv.
Дәрігерлер қарап, үйлеріне жіберді. Аяғын жарақаттаған 47 жастағы тәрбиешіге амбулаториялық ем тағайындалды.
Оқиға орнына полиция барып, мән-жайды анықтап жатыр. Балабақшада 125 бала тәрбиеленеді. 30-ға жуық қызметкер жұмыс істейді.
"Қазір балабақшада қызметтік ішкі тексеріс жүріп жатыр. Қазір мен сол жақтан келіп жатырмын. Ата-аналарға балаларды тапсырып, тексеріп. Скорыймен, обследование жасатқызып келдім. Балалардың жағдайы жаман емес, жақсы. Ондай қатты жарақат алған жоқ балалар", - деді балабақша әкімгері Зәуре Қуанышқалиева.