Атырауда инклюзивті балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген. Оқытудың педагогикаға қайшы әдістері желіге таралып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеода тапсырма орындап отырған баланы жан-жағына алаңдағаны үшін оқытушының ұрып жібергенін көруге болады.
Бейнежазба Атыраудағы "Дара-Инклу" жекеменшік балабақшасында түсірілгені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, бейнероликті балабақша қызметкерлерінің өздері сабақ өту кезін көрсету ретінде түсірген. Олар бейнежазбаны балалардың ата-анасын жолдаған, алайда соққы жасаған тұсын алып тастауды ұмытып кеткен секілді.
Баланың ата-анасы ұлын ұрған қызметкерді жазалауды талап етіп, арыз жазған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.