Русский Сайттың толық нұсқасы

Абат Айымбетов 25 миллион теңге жалақы алады

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2024
  • 1440

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің "Адана Демирспор" командасындағы жалақысы 25 миллион теңге.

"Адана Демирспордағы" футболшылардың орташа жалақысы жылына шамамен 500-700 мың еуро болады, бұл - шамамен 25-35 миллион теңге. Қазақстандық форвард та дәл осындай жалақы алатыны айтылды.

"Адана Демирспор" қазір Түркия Суперлигасында 31 ұпаймен 8-орында келеді. 

Абат Айымбетов "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарында ойнады. Алдыңғы маусымда "Астанада" ойнап, 45 ойында 10 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.