Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаттығу кезінде аяғын жарақаттап алған Шавкат Рахмонов коньки теуіп жүр

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2024
  • 2778

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде коньки теуіп жүрген видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шавкат Рахмоновтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шавкат Рахмоновтың америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жекке 25 күн қалғанда жарақат алып қалғаны белгілі болған еді. "Номадтың" бапкері Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық спортшының сол кезде балдақпен жүрген фотосын жариялады. Генридің айтуынша, Шавкат тобығын ауыртып алғандықтан аяқпен жасалатын соққыларды қолданбапты. Ал бүгін, 3 ақпанда қазақстандық файтер Медеу мұз айдынында коньки теуіп жүрген видеосын жариялады.

Шавкат Рахмоновтың секунданты Бауыржан Уталиев қазақстандық файтердің UFC-дегі соңғы жекпе-жегінің алдында алған жарақаты туралы айтып берді. Айта кетейік, Шавкаттың MMA-менеджері Саят Абдрахманов спортшының қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасап, октагонға қашан оралатынын айтқан еді.