Ақмола облысында тас жолда 11 көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аршалы аудандық полиция бөліміне Екатеринбург-Алматы тас жолының 1318 шақырымында, Бірсуат,ауылының маңында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болғаны туралы ақпарат түскен.
Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, сонымен қатар жылдамдықты асырып, Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан барлығы 11 көлік пен бес адам зардап шеккені айтылады. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.
Toyota көлігінің екі жолаушысы мен Volkswagen Polo жолаушысы үйлеріне шығарылды, Toyota жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілген.