Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да педагогтерге тиісті үстемақы төленбеген

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2024
  • 1083

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторинг барысында Сырым ауданының педагогтеріне белгіленген міндетті үстемеақы төлемеу фактілерін анықтады.

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемеақы белгілеу қажет.

Алайда, Сырым ауданының білім бөлімі 2020-2023 жылдар кезеңінде 26 білім беру ұйымдарының 1195 қызметкеріне  жалпы сомасы 259 млн теңгеге ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемеақы төлемеген.

Департаменттің араласуымен Сырым ауданының білім бөлімі тарифтік тізімге өзгерістер енгізіп, жалақыны қайта есептеді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.