Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысының жолдарынан мереке күндері 40-қа жуық адам құтқарылды

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2017
  • 3151

Шығыс Қазақстан облысының жолдарынан мереке күндері 40-қа жуық адам құтқарылды. Олардың арасында балалар да бар. Төтенше жағдай қызметінің өкілдері жаңа жылды аймақтың тас жолдарында қарсы алғанын айтады.

4 күн ішінде 20 шақты бағыт бойынша жол жабылған. Желдің ұйтқуы секундына 15-20 метрге дейін жеткен. Қалың қар мен ат құлағы көрінбейтін боран жағдайды тіпті қиындата түсті. Бірер күн бұрын Глубокое ауданында қарға батып қалған жедел жәрдем көлігі құтқарылды. Абырой болғанда, дәрігерлер науқасты дер кезінде ауруханаға жеткізді. Ал, Жарма ауданында 9 адам қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар оларды арнайы көлікпен жақын маңдағы ауылға жеткізді. Ауыр техникалар жолды қардан тазартып жатыр, мамандар тұрғындарға алыс сапарға шықпау қажеттігін ескертуде.

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖҚ баспасөз қызметінің маманы:

Жеңіл көліктер қарға батып қалды. Сондықтан құтқарушылардың көмегі қажет болды. Апаттық-құтқару жұмыстарының басым бөлігі Семей тас жолында жүргізілді. Ол жақта біздің қызметкерлер арнайы техникамен адамдарды құтқарды.