Әлеуметтік желіде жартасты соқпақтан тас құлаған видео тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Видеода жартастан құлаған тастардың аспалы жолды бұзғанын көруге болады. Қазір қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары жартасты соқпақтың адам өміріне қаншалықты қауіп төндіретінін зерттеп жатыр.
Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі жартасты соқпақ әлі әкімдіктің теңгерімінде екенін мәлімдеді. Дегенмен, туристер көп жүретін бұл аймақты күтіп-ұстау үшін конкурс жарияланатынын айтты.
- Былтыр желтоқсанда жартасты соқпақты күтіп-ұстауға конкурс жарияланды. Алайда ішкі мемлекеттік аудиттің қарсылығынан соң конкурс уақытша тоқтатылды. Бірақ осы айда тағы ашық конкурс жарияланады.Қаланы абаттандырумен айналысатын мердігер жартасты соқпақты абаттандыруға жауапты болады. Мердігер жартасты соқпақтағы жаяу жүргіншілер жолын күтіп-ұстауға, жарықтандыруға, жартасты зерттеуге міндеттеледі. Қазірдің өзінде жартасты соқпақтың қауіпті аймақтарында тақтайша қойылған. Бұдан бөлек, қауіпті жерді айналып өтетін жол салынған.Алдағы уақытта мердігер қауіпті аймақтарды қоршайды, - деді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары Бақтияр Мақсат.