БҚО Бәйтерек ауданы Достық ауылында өз үйінде бетіне көптеген жарақат келтірілген ер адамның мәйіті табылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қолданылған шаралар барысында аталған қылмысқа қатысы бар 1990ж.т.жігіт анықталып, ұсталды.
Тергеудің болжамды мәліметтері бойынша, оқиға алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде орын алған және ер адамдар арасында жанжал туындаған. Бұл қылмысқа күдікті өз кінәсін мойындады.
Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы Приурал Пб-нің УҰИ-на қамауға алынды.
Тергеу жұмыстарын БҚО Бәйтерек ауданы Приурал Пб жүргізуде.
Басқа ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.