Русский Сайттың толық нұсқасы

Өнер адамдары қар тазалап, коммуналдық қызметкерлерге көмектесті

Бүгін өнер адамдары қолдарына микрофон емес, күрек алды. Әртістер "Қоршаған ортаға бей-жай қарамайық" деген ұранмен қалың қар басқан бульварлар мен жаяу жүргіншілер жолын ақ ұлпадан тазартты. Бұл коммуналдық қызметкерлерге айтарлықтай көмек болады дейді ұйымдастырушылар. Шараға 100-ден астам өнер адамдары атсалысты. Қалалық мәдениет басқармасы акцияны дәстүрлі түрде жалғастырмақ.

Асылхан ТӨЛЕПОВ, АКТЕР:

Білесіздер, қатты қалың қар жауып жатыр. Коммуналдық қызметкерлерге көп-көп рақмет. Барын салып тазартып жатыр. Біз де үлесімізді қосайық деп тек мәдениет саласының адамдары ғана емес, Астана қаласының жастары да жалғыз басты ата-аналарға, ерекше күтімді қажет ететін жандарға үйлерінің аулаларын тазартып, қызмет етіп жатыр.