Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2024
  • 967

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2024 жылғы 05 ақпан Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 5 ақпан

№ 446