Алматыдағы Ақжар және Шұғыла шағын аудандарының 35 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етілді. 10 жыл бойы жұрт тіршілік нәріне жарымай, талай жердің табалдырығын тоздырған. Су сорғы станциясын салуды сұрап, құзырлыларды жағалады. Шағын аудан аумағы ұлғайған сайын суға сұраныс артуда. Жазды жағдай тіпті қиындайды. Тұрғындар суды тасып, әрі сатып алып ішуге мәжбүр болды.
Асқар САРБАСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қыста су болғанымен, кейде өшіп қалатын, жетпейтін. Ал жазда мүлдем қиын болды. Ауыз суды дүкендерден сатып алатынбыз. ХХІ ғасырда бұл нонсенс қой. Жуынуға, тамақ істеуге де қиналатынбыз. Қазір бұл мәселе шешілген сияқты. Лайым осылай болады деп үміттенеміз.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында қажетті сорғы станциясы салынды. Жергілікті тұрғындар жылдар бойы тұралап қалған мәселенің шешілгеніне әлі де сене алар емес. Жаңадан салынған каскадты сорғы станциясы толық іске қосылды.
Баймұрат ЖАМБЫЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл насосный станцияның күш - қуаты 10 мың текше метр су бере алады. Қазіргі уақытта 35.000 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сайлау уақытында халыққа берген уәдемізді толығымен орындап, тұрғындарға суды толыққанды беріп отыр қазір.