Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп директоры білім басқармасын сотқа берді

Қостанай облыстық білім басқармасында "қара тізім" бар көрінеді.Оған іліккен мұғмлімнің ісі өрге баспайды. Басшылық қызметке бара алмайды. Бұрынғы мектеп директоры Айнаш Доданова басқармадағы бассыздыққа шыдай алмай,сотқа жүгінді. Айнаш Долдашқызы- отыз жылдан астам білім саласында тер төккен, білікті басшы, ұлағатты ұстаз. Тіпті ауыл мектебін еліміздегі ең үздік білім ордасының қатарына қосқан тәжірибелі педагог. Кейін ол колледж басшылығы лауазымына жарияланған байқауға қатысып, комиссия оны директор қызметіне тағайындауға шешім шығарады. Бірақ білім басқармасы мен білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасы шешімді уақытша тоқтатқан көрінеді. Педагогқа қатысты шектеу бар депті.

Айнаш ДАДАНОВА,ПЕДАГОГ:

Астанаға барып.Ашық конкурс өтіп.Қазір мектеп басшысы болып істеп жатырмын.Бірақ та мен қандай да бір шектеу болса ,Астанада да комиссия бар.Олар да бәрін тексереді ғой.

Айнаш Даданова ар-намысы мен іскерлік беделін қорғау мақсатында талап арыз түсірген. Талапкер қос басқарманың заңсыз ұйғарымын және саладағы сан кедергілердің тамырына балта шабу үшін сот табалдырығын 4 айдан бері тоздырғанын айтады.

Ләззат БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Басшылар мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау немесе қызметтен босату қағидаларына сәйкес,басшы лауазымына тағайындауды тоқтата тұру қарастырылмаған.Және де бұл рәсім бұйрықпен, не қандай да бір комиссияның шешімімен ресімделмеген. Осыған байланысты талапкерді қызметке тағайындауды тоқтата тұру заңсыз деп танылды.