Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астанаға барамын": Ер адам жұмбақ жағдайда жоғалған

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2024
  • 889

Төлеген есімді ер адам биыл 76 жасқа толатын еді. Алайда ол 10 жыл бұрын ізім-ғайым жоғалған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Бармысың, бауырым?” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматқа қарындасы Бикен Маренова іздеу салған. Ол:

"Қайырлы күн, "Бармысың, бауырым?" хабары. Мен, ағам Төлеген Оспанұлы Нұрхатовқа іздеу саламын. Ағам 1948 жылы 22 қаңтарда туған. Ол 2014 жылы 3 мамырда үйінен, яғни Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Ушаков ауылынан шығып, Тоғанас бөлімшесінде тұратын сыңары Бибіжамал әпкеме барған. Одан кейін Қорғалжын ауданы Ұялы ауылындағы қызы Қалдыбаланың үйіне барған, сол үйге қонған. "Астанаға барам" деп 4 мамырда таңертең шығып кеткен. Күндіз таныстар ескі теміржол вокзалынан көрген. Сол түні медициналық айықтырғышқа түседі. Құқық қорғау қызметкерінің айтуы бойынша 5 мамыр күні таңертең ол мекемеден шығып кеткен. Содан бері ешқандай хабар жоқ. Қолында құжаты жоқ, бәрі үйде қалған",-делінген хабарламада.