Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде жол апатынан 5 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2024
  • 475

Өскемен қаласындағы орталық көшелердің бірінде алты көлік соқтығысып, 5 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті.

Жол апаты қаладағы Әуезов даңғылында болған. 

«Ssanq Yong автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесінен Әуезов даңғылына шығып келе жатқанда Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Сол соққыдан кейін жол-көлік оқиғасына екі ГАЗ, Lexus және Lada Granta көліктері де тап болды. Ssanq Yong жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 адамға, оның ішінде бір балаға медициналық көмек қажет болды. Абырой болғанда, ауыр жарақат алған ешкім жоқ.