Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы қариялар үйінің тұрғындары арасында шаңғы жарысы өтті

Оралдағы қариялар үйінің тұрғындары қысқы спорт түрлерінен бақ сынады. Олардың ішінде өңірдегі арнаулы әлеуметтік мекемелерден келген үміткерлер де бар. Бірнеше кезеңнен тұратын жарысқа 70-ке жуық спортшы қатысты. Сайыскерлер серігін тюбингке отырғызып, кімнің мықты һәм жүйрік екенін анықтады. Бұдан кейін шаңғышыларға кезек тиді. Жарыс жолына білек сыбанып шыққандардың арасында қариялар да бар. Отбасынан оқшау қалған қамкөңіл жандарды қыс қызықтарына қатыстырып, көңілін осылай сергітуге тырыстық дейді ұйымдастырушылар. Ал бейнелеу өнеріне икемі бар жандарға арнап үздік фотосурет байқауы ұйымдастырылды.

Арман ДӘУЛЕТОВ, АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Шарамыздың негізгі мақсаты бұл осы орталықтарда қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі адамдар, арияларымыз, сол қызмет алушылардың бір-бірімен байланысын нығайту, күшейту және спорт денсаулық кепілі дейміз. Денсаулықтарын нығайту аясындағы іс-шара болып есептеледі. Бұл шараға осы орталықтардың қариялары да және 18 жастан асқан психикалық ауытқушылықтары бар қызмет алушылар қатысып жатыр.