Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Жарлығымен екі министрліктің құзыреттері қайта бөлінеді

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2017
  • 2353

Президент Жарлығымен екі министрліктің құзыреттері қайта бөлінеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық экономика министрлігі көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, шетелдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру функцияларын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне береді. Ал Ішкі істер министрлігі оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдау, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру ұсыныстарын әзірлеу құзіретін Денсаулық сақтау министрлігінен алатын болды.