Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрілерді үйінде заңсыз дайындаған

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2024
  • 1241

Өзбекстанның Наманган облысында үйінде жалған дәрі-дәрмек жасаумен айналысқан фельдшер ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлады,-деп жазады Қазақстан Телеарнасы. 

Заңсыз жолмен өндірілген препараттарды ол Ташкент, Ферғана және Әндіжан қалаларындағы дәріханаларға жеткізген.Қауіпсіздік қызметі, кеден және ішкі істер органдары бірлесіп, күдіктіні мың қорап дәріні өзге аймаққа алып өтпек болған кезде қолға түсірді. Оған қатысты «жалған дәрілік заттарды өндіру және өткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына қамалған күдіктінің енді сыбайластары іздестіріліп жатыр.

Махлиё Валикулова, мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілі:

Тергеу мәліметі бойынша, Чартақ аудандық жедел жәрдем ауруханасының фельдшері өткен жылдың қыркүйек айынан бері Қырғызстаннан дәрі жасауға қажетті химиялық шикізат таси бастаған. Күдіктінің үйінен екі мың қорап «Зодак» таблеткалары, 750-ден астам «Анаферон» препараты, төрт мың дана В6 витамині және белгісіз сироптар табылды.