Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақтың тазылары Парижге жетті

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2024
  • 592

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға тазының екі күшігін сыйлады. Франция Президенті былтыр Астанаға келгенде «Этноауыл» көрмесін аралап, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысты. Көрме орталығында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген. Уәде бойынша Парижге тазының бес айлық екі күшігі жетті. Француз ветеринарлары қос тазыны тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Оларға күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді. Тазы күшіктері Жюль және Жанна деп аталды. Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен «достасып» үлгерген. Бұл итті ерлі-зайыпты Макрондар 2017 жылы жануарлар паналайтын жерден асырап алған болатын.