Русский Сайттың толық нұсқасы

"Біз салық мөлшерлемесін өсіріп емес, төлеушілердің қатарын арттыру арқылы экономиканы қалыптастырамыз",- экономист

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2024
  • 462

"Біз салық мөлшерлемесін өсіріп емес, төлеушілердің қатарын арттыру арқылы экономиканы қалыптастырамыз". Экономист Бауыржан Ысқақ осылай деп пікір білдірді. Оның сөзінше, біздегі салық кодексі түскен қаржыны қадағалап, орындалуын ғана бақылайды. Кәсіпкерлерді ынталандыру тетігі кемшін қалған дейді. Президенттің әзірленіп жатқан салық кодексіне көңілі толмауы да осы себепті.

Бауыржан ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Қазіргі мынау салық кодексін әзірлеп жатқандағы азаматтардың көбі ол мынау өңірлерде болып жатқан ерекшеліктерді, жалпы мынау ең соңғы тұтынушының қалтасына қалай әсерін тигізіп жатыр деген сияқты сұрақтарға көп жауап іздей бермейді. Ең бастысы салықтың ставкасын көтеру арқылы бюджеттің кіріс бөлігін жабамыз деген мәселе. Яғни бұндай көзқараспен, бұндай бағытпен біз ашық экономикалы саясаттыда ұсына алмаймыз, Президенттің ұсынып отырған инклюзивті экономикасында қалыптастыра алмаймыз.

Экономиканы көтерудің тағы бір тетігі инвестициялық тартымдылықты арттыру. Алайда инвестор тартуда аймақтар белсенділік танытпай отыр. Президент бұл тұста әкімдердің жұмысын сынға алды. Себебі жергілікті билік инвестиция тартуда ешқандай әрекет жасамайды. Салдарынан кәсіпкер жобасын кейінге шегереді немесе біржола тоқтатуға мәжбүр болады деді,-президент. Ал экономист Сапарбай Жобаев ауыл-аймаққа инвестор тарту үшін алдымен жер мәселесін шешу керек дейді.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Жердің егесі табылмайынша инвестор келмейді. Ақшасы бар адам мәселен бір жерге барып өндіріс салуға ма, не болмаса бір кәсіпорын салуға ауылға бару үшін жердің егесін табу керек. Оның егесі жок. Оның егесі мемлекет дейді. Ал мемлекет сол бүгінгі күнде уақытша отырған әкім. Ол егерде жаңағы инвестор онымен сөйлессе, кейін ол аусып кетуі мүмкін. Онда сол жаңағы инвестор басқа екінші әкімменде сөйлесу керек па, мәселе осыда.