Астананың сол жағалауында тұрғын үйдің маңынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, 7 ақпанда сағат 20:55-те сол жағалаудағы тұрғын үй кешендерінің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер Expo Boulevard ТК-де орналасқан кафенің ас үй бөлмесі жанып жатқанын анықтады.
Тілсіз жау салдарынан тұрмыстық техника, ішкі әрлеу, бірінші және екінші қабат арасындағы төбе мен 15 шаршы метр аумақта азық-түлік өртенгені белгілі болды.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен сағат 21:32-де өрт ауыздықталып, 22:01-де жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 28 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.