Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылды: анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткен

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2024
  • 1119

Түркістанда екі баланың денесі жалдамалы пәтерден табылды. Полицейлер олардың анасын, Қызылорда облысының тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, 7 ақпанда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Өлім себебін анықтау үшін балалардың денелері сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың көз жұмғаны және олардың мекенжайы туралы досына хабарлаған Қызылорда облысының тұрғыны, балалардың анасының тұрған жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Түркістан облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденов Facebook-тегі парақшасында.

Ал, облыстық полиция департаменті тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрады.

"Біз жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеміз және азаматтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.