Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 11 жол бөлігі жабық тұр

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2024
  • 1031

Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 11 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде 3 республикалық, 8 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.

«Республикалық Атырау-Орал (375-189 км, Ақжайық ауданынан Атырау облысы шекарасына дейін), Самара-Шымкент (266-526 км, Подстепный-Ақтөбе обл. шекарасы) Орал-Тасқала-РФ шекарасы (72-104 км, Тасқала ауылы-РФ шекарасы) жолдарында қозғалыс шектелген. Сондай-ақ облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ (0-157 км), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (38-159 км), Подстепный-Теректі-РФ шекарасы (38-108 км, Теректі-Бөрлі ауылы), Теректі-Ақсай (0-82 км), Ақсай-Шыңғырлау (0-86 км), Орал-Кирсанов (23-183 км, Дариян-Кирсанов) жолдары да жабылған. Себебі – боран, екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен күшті жел, көктайғақ. БҚО ТЖ департаменті қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.