Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында бораннан кейін 20-дан астам ауылда жарық өшті

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2024
  • 854

Ақтөбе облысында қарлы бораннан кейін 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды.

Бораннан кейін 7 қаңтар күні Ақтөбе облысының бірнеше ауылында, қаланың бірнеше шағын ауданында жарық болмады.

"Қалада электр қуатын қалпына келтіру үшін 15 бригада тартылды. Барлық қажетті құрал-жабдықтар мен көліктер бар. Жарықсыз қалған кейбір ауылдарда да жұмыс жүріп жатыр. 20 жедел топ пен 70-ке жуық техника жұмылдырылды", – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Ақтөбеде мектептегі еден жуушының жұмыстан қуылғанын жазған журналисті соттамақ

"Мектептерде жаппай атыс болады": Ақтөбеде жасөспірімнің хабарламасынан кейін 50 мыңға жуық бала сабаққа бармады

Әкім төтенше жағдай жеке бақылауында екенін айтты. Осыдан кейін екі ауданды төтенше жағдай жарияланды.

"Жауапты мекемелерге тұрғындарды электр қуатымен тез арада қалпына келтіру және қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қосымша ақпаратты тиісті басқармалар мен мекемелер береді", – деді Асхат Шахаров.