Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетау мектептерінде наркодиспансерлік есепте тұрған күзетшілер жұмыс істеген

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2024
  • 734

Көкшетау прокуратурасы Ақмола облысының полиция департаментімен бірге ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында "Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы" диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.

"Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды", - дейді Ақмола облысының прокуратурасы.

Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетаудың прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.