4 мыңға жуық науқас орган алмастыруды күтіп отыр. Бұл саладағы мәселені шұғыл шешу керек. Жаңадан Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова бірінші трансплантология проблемаларын қолға алатынын айтты. Екінші жағынан медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейту керек. Бұл бағыт неғұрлым күшті болса, аурушаңдық пен өлім-жітім азаяды дейді ол.
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Қазір қаралуы тиіс біраз мәселе бар. Осыған дейін біз Сенат комитетінде трансплантология проблемаларын көтерген едік. Сондықтан бұл саладағы мәселені шұғыл шешу керек. Себебі 4 мыңға жуық науқас орган алмастыруды күтіп отыр. Елімізде ағза донорлығы тиісті деңгейге жете алмай отыр. Екінші жағынан медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейту ескерілген.