Атырауда кәріз суының кесірінен үйдің іргетасы мен қабырғалары құлап жатыр. «Береке» ықшам ауданындағы 300-ден астам үйден береке қашқалы біраз болды. Алғашында үй көгеріп, сылағы түссе, енді еден асты суға толып, қабырға жарыла бастаған. Шыдамы шегіне жеткен жұрт биліктен кәріз жүйесін тезірек жүргізуді талап етті.
Қайта шкатурлап, қайта-қайта жағамыз, пайдасы жоқ, түсіп кетіп жатыр жар.Еденнің асты су толы. Тіпті дәрігерлер айтады мына үйде қалай отырсыңдар деп.отырмағанда не істейміз?.
Дәріш Шынғалиева пәтерінің бір бөлмесін жауып тастаған. Қабырғасы қанша жөндесе де құлап жатыр. Сыздың иісі қолқаны қабады. Оның көршісі Нұрсұлу да кәріз суы аулаға ғана емес, еденнің астына жайылғанын айтады.
Нұрсұлу НАСЫРОВА, «БЕРЕКЕ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Биыл тағы бүкіл үйдің еденін ауыстырдым. Астына су толып кете береді. Кешегі жауыннан кейін мынадай болды. Еденнің асты суға толып кетті. Септикті 5-6 күнде бір сорғызамын. Ол ақшаға ғой. Мен қазір сорғызсам, таңертең тұрсам септигім қайтадан толып тұрады.
Жер бетіне шығып кеткен кәріз суы осы маңдағы 300-ден астам түтіннің бас ауруына айналғалы көп болды. Әбден ашынған халық жиі ауысатын әкімдердің бәріне шағымданған. Бірақ шенділер уәдені үйіп-төгіп, түк бітірмеді,- деп өкпелі.
Самал ИМАНӘЛИЕВА, «БЕРЕКЕ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Балалар бастап ауырса, ауырған жөтелдері кетпейді, ұзақ жүреміз. Денсаулығымыға зиян келіп жатыр. Біздің талабымыз бізге орталық канализация жүйесін жүргізіп беріңіз деп талап етемін. Және дренаж жүйесіне қосыңыздар. Себебі бұрын айына 1-2 рет алдырса, қазір 3 рет сорамыз.
Бауыржан СИСЕНОВ, «БЕРЕКЕ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жақында әкім де келіп кетті Кейкин Шәкір деген. Бірақ шешілетін шаруа көріп тұрған жоқпыз. Не үшін? Былтыр да сондай уәде берді осыдан алдындағы әкіміміз. Элеваторныйда дренаж ашылды жаңадан. Қосамыз,- деді. Бірақ бұл жерде 300-ің үстінде үй бар. Ештеңе жасалып жатқан жұмыс жоқ. ПЗД жоқ.
Тұрғындармен кездесуді әкім де, орынбасарлары да жөн көрмесе керек. Бөлім мамандарын жіберіпті.
Абылай ҒҰМАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
Наурыз айындағы мәслихаттың нақтылауынан ақша сұратайын деп отырмыз жоба жасақтауға. Жоба жасақтау ағымдағы жылы жоба жасақтау жоспарлап отырмыз. Жоба жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алған соң құрылыс жұмыстарын жүргіземіз.
Кәріз жүйесі түгілі, оның жобасына қаржы бөлінбегенін ескерсек, әзірге берекеліктерге кәріз суының үстінде отыра тұруға тура келетін сыңайлы.