Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мектеп мұғалімдерінің жалақысын жымқырып келген",- С.Ахметжанов

Елімізде мұғалімдердің жалақысын көтеру мақсатында бөлінген қаржыны білім бөлімі мен мектептің бас есепшілері жымқырып келген. Бұған қатысты 35 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәжілістің комитет отырысында айтты. Заңсыз әрекет Талдықорған қаласында анықталған Қылмыстық іске қалалық білім бөлімінің екі есепшісі мен 13 мектептің бухгалтері қатысқан. Олар екі жарым жыл бойы мемлекет қаржысын жымқырып келген. Ал білім бөлімінің басшысы бұған көз жұмып отырған көрінеді. Аталған қылмыстық схема басқа өңірлерде де анықталды. 

Саян АХМЕТЖАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тергеу аясында мемлекетке 4,4 млрд теңге сомасында залал расталды. Күдіктілердің мүлкі 21,9 млрд теңгеге тиым салынды. Мынау Алматы қаласында, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе облысында басқада облыстарда осыған сәйкес, осы схемаға сәйкес болдыратын қылмыстық схемалар анықталды.