Русский Сайттың толық нұсқасы

Рио-де-Жанейродағы әйгілі карнавал денге эпидемиясының салдарынан болмауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2024
  • 579

Рио-де-Жанейродағы әйгілі карнавал денге эпидемиясының салдарынан болмауы мүмкін. Бұдан бірнеше күн бұрын қалаға төтенше жағдай режимі жарияланған еді. Қала әкімі бұл шешімге эпидемияға байланысты баруға мәжбүр болды. Алайда халық наразы. Қалада 10-ға жуық халықты қабылдау орталығы ашылды. Ауруханаларда эпидемия белгілері бар науқастарға квота бөлінеді. Жаңбыр суы жиналған шалшықтар масалардың көбеюі үшін таптырмас жағдай. Сол себептен жағдайы күрделі ауыр аймақтарда жәндіктерге қарсы арнайы түтін шашылады. 

Пауло Сезар ФАРИАС, ДЕНГЕ БЕЗГЕГІМЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК БАСШЫСЫ:

Бұл қабылдау орталығы Бразилияның федералды округінің тұрғындарына қажет. Себебі медициналық мекемелер толып жатыр. Біз күніне орта есеппен 300-ден 350-ге дейін денге ауруы бар науқастарды қабылдаймыз. Тек сенбіден бастап біз 1200-ден астам адамды қабылдадық.

Алексис МАТЕОС, ДӘРІГЕР:

Қазір ауруханада 10 науқас бар және бізде денге безгегіне байланысты бір өлім де тіркелген.