Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі түнгі клубта 60 адамның қатысуымен төбелес болды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2024
  • 651

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде 60 адамның қатысуымен жаппай төбелес болды, олардың бірі пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оtyrar.kz мәліметінше, төбелес 3 ақпан күні сағат 02:00 шамасында Pandora түнгі клубында болған.

Келушілер арасындағы кикіжің төбелеске ұласып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған. Полицияға 60-қа жуық адам жеткізіліп, барлығынан жауап алынды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Сонымен қатар түнгі клуб иелері мен жалға алушылар қауіпсіздікке басымдық беретіні айтылған.