Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрігерлер медициналық маска тағуға кеңес береді

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2024
  • 1022

Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда медициналық маска тағуға кеңес береді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Астанада. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі желтоқсаннан қаңтарға дейін сырқаттану саны 2,5 есеге артқанын хабарлады. Қазір жұқпалы инфекция жұқтырған 3 науқас ауруханада емделіп жатыр.

Министрлік ешқандай шектеу шаралары енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Алайда бүгін Үкімет, Мәжіліс пен Сенат ғимаратында маска тағу режимі енгізілді.