Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бастауыш мектеп 6 сыныптан тұруы қажет»,- Ұлттық құндылықтар академиясының төрағасы

«Бастауыш мектеп 6 сыныптан тұруы қажет». «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділхан Дүйсебек осылай дейді. Алматыдағы №185 мектепте бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық практикалық семинар өтті. Басты мақсат – кәсіби – педагогикалық қарым-қатынас пен білім беру жүйесінің заманауи мәселелерін талқылау. Ұстаздар ашық сабақ өткізіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында білім ордасы мен Ұлттық құндылықтар академиясы арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Осылайша мектептегі оқу – тәрбие процесіне ұлттық құндылықтар енгізілмек.

Әділхан ДҮЙСЕБЕК, «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АКАДЕМИЯСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Орта білім берудің 3 деңгейі болатын болса, соның ішіндегі ең маңыздысы - ол бастауыш білім беру. Жалпы ОЭСР елдерінің ішіндегі 46 елдің ішінде 29-ында бастауыш 6 сыныптан тұрады. Бұл модель өзін - өзі ақтаған модель. Ал біз кеңестік дәуірдегі модельден шыға алмай отырмыз. Ал бастауыш деген кез-келген білімнің және баланың іргетасы. Фундамент кішкентай болған жақсы ма, үлкен болған жақсы ма? Әрине, биік болғаны жақсы.