Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыр дертке шалдыққандарға мемлекет ай сайын өтемақы төлейді

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2024
  • 584

Ауыр дертке шалдыққандарға мемлекет ай сайын өтемақы төлейді. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға 36 мың 925 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Мұндай әлеуметтік төлемді сырқатқа шалдыққан балалар да алады. Ол қалай беріледі? Арнайы тізімде тағы қандай дертпен ауыратындар бар? Тілшіміз айтады.

Аты -жөнін жасыруды сұраған бұл азамат туберкулез ауруына шалдыққан. Ол басында жай ғана жөтел деп сырқатына мән бермепті. Алайда медициналық тексеруден өткен соң, аты жаман кеселге тап болғаны анықталған. Ем алуға мемлекет көмек көрсетеді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы айдан бастап 37 000 тг көлемінде ақша түсіп отырады әр науқасқа сол ақшаны алып отырамыз. Үкімет тарапынан дәрі-дәрмек тегін, жатуымыз тегін.

Елордада туберкулезге шалдыққандар саны жылдан жылға азаюда. 2022 жылы 789 науқас тіркелсе. Қазір 700 адам есепте тұр. Оларға 2017 жылдан бері көмек көрсетіледі.

Жеңісгүл САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ, ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2019 жылға дейін біз науқастарға, амбулаторияда ем алып жатқан науқастарға пакетпен тамақ берілетін. 20 кг ға жуық болатын. Яғни күріші бар, қара күріші бар жаңа макарондары бар сұйық майы бар, тушонкалары бар, згушонкалары бар. Сонымен қатар тіс тазартқыштары щеткалары бәрі болатын.

Ал қатерлі ісікпен ауыратын балалар саны -468. Имунтапшылығы вирусын жұқтырған 1003 адам есепке алынған.

Нұргүл ЖҮНДІБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ай сайын туберкулезбен ауыратын ересек азаматтарға 10айлық есептік көрсеткішпен әлеуметтік ақшалай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар қатерлі ісікпен ауыратын кішкентай балаларға сонымен қатар адамның имун тапшылығымен ауыратын балаларға 25 АЕК АЙ сайын сондай әлеуметтік ақшалай көмек көрсетіледі.

Сонымен әлеуметтік көмек туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға, адам иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушылар, қатерлі ісікке шалдыққандарға ай сайын өтемақы төленеді.

Әлеуметтік мәні бар аурулар қоғамда кең таралуына байланысты тұрғындар арасында ең көп өлім және мүгедектік тудыратын аурулар қатарына жатады. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде оларды диагностикалау мен емдеуге үлкен мән беріледі.

Әлеуметтік көмек беріледі

1. Туберкулездің белсенді түрі 10 АЕК (36 920 теңге)

2. Адам иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру /балалар/ 25 АЕК (92 300 теңге)

3. Қатерлі ісік /балалар/ 25 АЕК (92 300 теңге)

4. Адам иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауруға, оның ішінде адам иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы 5 АЕК (18 460 теңге)