Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында өзен тасып, ауылға қауіп төндірді

Атырау облысында Мұқыр ауылындағы сайға жиналған су арнасынан асты. Салдарынан сол маңдағы 40-қа жуық тұрғын үй мен қора жайға қауіп төнді.

Абырой болғанда адам да, үй жай да аман. Қазір судың бетін қайтару үшін бөгет тұрғызып жатыр. Мамандардың сөзінше, жағдайдың ушығуына ауылішілік жол құрылысы әсер еткен.

Азамат ҚАЛЕНОВ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ, ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұрын ағатын орны. Қазіргі уақытта осы жерде жөндеу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алты кузь орнатылған. Содан су үлгермей асфальттың бетіне шығып жатыр. Енді осы судың салдарынан тұрғын үйлер мен үй қоражайларға қауіп төндірмеу мақсатында бөгет соғу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Судың өтіп жатырған ұзындығы сол жерден шамамен 12 метрдей жер.

Ерігер қар суы аудандағы Миялы, Сағыз ауылдары халқын да әбден әбігерге салып жатыр. Кешелі бері үш мың тонна су шығарылған. Көмек сұраған тұрғындар шағымы сәт сайын көбеюде.