Русский Сайттың толық нұсқасы

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2024
  • 654

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 184 жедел шығу жасады. Оның 60-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 124-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға шыққан.

Бұл ретте 118 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды.

"Абай болыңыз! Біз үшін әр өмір маңызды!" - деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.