Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінде қалады

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2017
  • 2243

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол қызметін одан әрі жалғастыратын болады. Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін америка елшілерінің өкілеттігі тоқтайды деген ақпардың оған қатысы жоқ. Бұл туралы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметіне сәйкес, Крол мырза кадрлық елші-дипломат болып табылады. Ал бұйрық тек саяси тағайындалған елшілерге қатысты қолданылмақ. Айта кетері, мұндай дипломаттық қызметкерлердің саны «саясилармен» салыстырғанда үш есеге аз. Бұған дейін New York Times қаңтардың 20-сында шетелдегі барлық американдық елшілер қызметінен босайды, олардың ішінде Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол да бар деп жазған еді.