Русский Сайттың толық нұсқасы

Келіншек арықтататын дәрі ішіп, қаза болды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2024
  • 783

27 жастағы келіншек арықтататын дәрі ішіп, жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Қырғызстанның Ош облысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, келіншек Ресейде жұмыс істеп жүріп арықтататын дәрі ішіп жүрген. Жақында елге оралған.

Ноқат қалалық ауруханасының мәліметінше, келіншек 10 күн бойы ес білмей, қаза болған.