Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Қытайдың басты телеарналарында Айдаһар жылына орай өнер көрсетті

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2024
  • 2494

Димаш Құдайберген Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңында көрші елдің телеарналарында өнер көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.

Әншінің ресми сайтында мәлім етілгендей, CCTV-3 арнасы көрсеткен 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертінде Димаш қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты композицияларын орындады.

2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаш Құдайберген әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен «Thousands of Miles, a Common Dream» («Мыңдаған шақырымға бір арман») әнін шырқады.