Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 1 000-нан астам үй табиғи газдан ажыратылды

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2024
  • 5109

 Шымкентте газ құбырынан ақау шығып, 1 000-нан астам үйге газ беру тоқтаталды, - деп жазды KAZINFORM. 

Қазығұрт шағын ауданы, Көктоған көшесінде жоғары қысымды құбырдан табиғи газдың шығуы анықталды. Апат салдарынан 1 100 тұтынушы, 2 өндірістік кәсіпорын және 2 тұрмыстық коммуналдық мекеме газдан уақытша ажыратылды.

Қазіргі уақытта бригадалар ақауды қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары газ құбырларында болуы мүмкін ақауларды анықтау мақсатында қала аумағындағы жерасты және жерүсті газ құбырларына тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін қауіпсіздік шаралары барысында жоғары қысымды құбырдан табиғи газдың шығуы анықталды», - делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.