Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолаушы ұшақтың есігін ашып жіберді

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2024
  • 549

Канадалық турист Thai Airways рейсінің есігін ашып, ұшуға кедергі келтірген. Бұл туралы Bugin.kz dailymail.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ Чианг Май әуежайынан Бангкокқа көтерілуге ​​дайындалып жатқан. Бортта болған Facebook қолданушысы Ананя Тиангтае:

“Ұшақтағылардың бәрі хаоста болды. Егер біз теңіз деңгейінен 30 000 фут биіктікте болсақ ше? Не болар еді?”, - деп жазады.

Есікті ашқан турист қаммауға алынды. Бұл ұшақ тағы әрекеттің салдарынан өзге 10 ұшақтың ұшу уақыты ауысқан.