Русский Сайттың толық нұсқасы

Щучинскте жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады

Щучинск қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаға сүйенсек, оқиға жанармай құю станциясында болған. Куәгерлердің сөзінше, жұдырық ала жүгірген жүргізуші жедел жәрдем көлігіне жол бергісі келмеген. Ал фельдшерлік бригада шақыртуға асыққан. Ақмола облысының полиция департаменті жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын салған ер адамды анықтағанын хабарлады. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Гүлнәр ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-ші бөлігіне сәйкес Бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға 10 ақпан күні болғаны анықталды. Күдікті 43 жастағы Щучинск қаласының тұрғыны болып шықты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалды.