Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда 15 жасар қыз бесінші қабаттан секіріп кеткен

Қызылжарда 15 жасар қыз бесінші қабаттан секіріп кеткен. Оқиға Пушкин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Мектеп оқушысы терезеден секіріп, өмірмен қоштасуды көздеген. Абырой болғанда, ол тірі қалды. Дене жарақаттарын алған қызды дәрігерлер бірден ауруханаға жеткізді. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.