Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында әкім орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2024
  • 1368

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

"Сот Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары "Б-ға" қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын мас күйінде басқару) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады", - делінген Көкшетау әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының хабарламасында.

Сотта шенеуніктің көлікті орташа мас күйінде басқарғаны анықталып, оны полиция қызметкерлері тоқтатқаны атап өтілген. Сот қаулысымен ол 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Сонымен қатар шара қолдану мақсатында сот облыс әкімінің атына қол астындағы қызметкерлердің құқық бұзушылық жасағаны туралы жеке қаулы шығарды.Сот актілері заңды күшіне енген жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.