Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жантүршігерлік жол апатынан жасөспірім қаза тапты

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2024
  • 539

Орал қаласында жол апатынан 16 жастағы қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға 9 ақпан күні қаладағы Сарайшық көшесі 56-үй тұсында болды.

Науқас туралы хабар түн ішінде түскен.

"2007 жылғы жасөспірім өте ауыр жағдайда облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тарапынан жүргізілген шараларға қарамастан, алған жарақаттары салдарынан науқас есін жимастан көз жұмды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.