Русский Сайттың толық нұсқасы

Магомед Адиев Ресейге оралуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2024
  • 644

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге оралуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бас бапкер Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан бері басқарып келеді.

Маған ресейлік клубтардан ұсыныстар түсіп тұрады. Бірақ алдымен Қазақстан құрамасымен циклді аяқтауым қажет, содан кейін ғана нақты шешім қабылдаймын. Жақын арада Ресейге оралуым мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл осыны армандап жүр деген сөз емес. Қазір Қазақстан құрамасында барлығына көңілім толады, - деді Адиев.

Айта кетейік, 21 наурызда Қазақстан құрамасы Еуро-2024-тің жолдамасын алу үшін Грекиямен ойнайды.